04
февраль
2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫҢ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ІЛГЕРЛЕТУ



Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ерте кәсіптік бағдарлау институтын енгізу көзделгенін басшылыққа ала отырып, 2025 жылғы 4 ақпан күні 9–11 сынып оқушылары арасында «Кем быть? Путь к осознанному выбору» тақырыбында эссе жазу жұмысы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал ету, олардың мемлекеттік қызмет туралы түсініктерін кеңейту, кәсіби қызығушылықтары мен жеке қабілеттерін айқындауға бағыт беру.
Эссе жазу барысында оқушылар өз ой-пікірлерін еркін жеткізіп, болашақ кәсіби жолдарына қатысты көзқарастарын білдірді. Іс-шара оқушылардың ойлау, талдау және өзін-өзі тану дағдыларын дамытуға ықпал етті.