23
январь
2026
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫСЫ



Бүгін, 22.01.2026 ж., №45 мектеп-гимназиясында Мектеп парламентінің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде мектеп президенті Көркем Саин, вице-президент Шахиризада Байданова, дебат қозғалысының министрі Аяулым Рахманбердиева, еріктілер фракциясының министрі Парвина Камракулова, экология фракциясының министрі Несібелі Әбіл, патриоттық қозғалысының министрі Динара Адилжанова, баспасөз министрі Дария Беккенова, ІТ-технология министрлігінің көшбасшысы Марсель Сулейманов, мәдениет және өнер қозғалысының министрі Эвелина Корчикова және басқа да мүшелердің 2025–2026 оқу жылының I және II тоқсандарына арналған жұмыс есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, алдағы Ауғанстан күніне арналған мектепішілік патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін өткізу мәселелері талқыланды.
Мектеп парламентінің координаторы Г. А. Конгирбаева оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына жақсы баға беріп, оның мектеп өміріндегі маңызын атап өтті.