Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ-2026"
22
апрель
2026

"ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ-2026"






2026 жылдың 21 ақпан күні №45 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары "Далалық оқу-жаттығу жиынына" қатысты. Іс-шара 6506 әскери бөлімінің "Ақтас оқу-жаттығу орталығы" базасында өтті.
Жиынға 10-сынып оқушылары қатысып, әскери өмір тәртібімен танысты. Бағдарлама аясында тактикалық, саптық және қорғаныс бағыттары бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.
Жиын барысында оқушылар саптық дайындықта үздік нәтиже көрсеткені, атыс дайындығы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізгені, дене шынықтыру дайындығында белсенділік танытқаны, әскери тәртіпті үлгілі сақтағаны, көшбасшылық қабілетін көрсеткені, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындағаны, топтық жұмыс барысында белсенділік танытқаны және алғашқы әскери дайындық дағдыларын жоғары деңгейде меңгергені үшін марапатталды.
Жиынның басты мақсаты – жасөспірімдердің патриоттық рухын нығайту, тәртіп пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив