03
апрель
2026
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні! 📚✨



Осы айтулы мерекеге орай №45 мектеп-гимназиясының 6"Ғ" сынып оқушылары №2 кітапхана бөлімшесіне барып, кітап әлемімен жақынырақ танысты.
Экскурсия барысында оқушылар кітап туралы ұнаған тақпақтарды айтып, кітапхананың жұмысымен танысып, кітап қоры, оқу залдары туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, олар өздеріне ұнаған кітаптарды қарап, қызықты шығармалармен танысты.
Кітапхана қызметкерлері балаларға кітап оқудың пайдасы мен маңызы туралы айтып, түрлі қызықты мәліметтермен бөлісті. Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Бұл іс-шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге, рухани дамуына үлкен әсер етті. 📖💫
Кітап – білімнің кілті, ал оқыған бала – болашақтың жарқын иесі! 🌟