07
апрель
2025
КӘСІБИ БАҒДАР-2025



№45 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушыларымен «Ашық есік» күніне колледждің материалдық- техникалық базасымен, мамандық түрлерімен танысу мақсатында мектептің кәсіптік бағдар беру педагогы Б. В. Усурбаев және сынып жетекшілері барды. Колледж мұражайында колледж тарихымен таныса отырып, кітапхана, оқу кабинеттері, оқу зертханаларымен, бірнеше мамандықтармен танысты. Оқушылар тігіншілік және аспаздық мамандықтары бойынша арнайы жабдықталған кабинеттермен танысты. Сондай-ақ, қазіргі технологиялармен таныса отыра, оларды қолдану тәсілдерімен де мамандықтары бойынша халықаралық World Skills байқауынан жеңіп алған жетістіктері және кабинеттерімен таныстырылды.
Колледждің оқу базасымен толық таныстырып шыққан білікті оқытушыларына алғыс білдіреміз.