26
ноябрь
2024
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТ ТАЗА ҚАЗАҚСТАН "МЕНІҢ ОТЫРҒЫЗҒАН ТАЛЫМ"


"МЕНІҢ ОТЫРҒЫЗҒАН ТАЛЫМ"
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫСЫ
«Менің отырғызған талым» іс-шарасының аясында №45 мектеп-гимназиясында 18.11.2024ж күні Мектеп Парламентінің экологиялық фракциясының министры Ерметова София ұйымдастыруымен 10 "А" сынып оқушылары және 9 сынып оқушылары ағаш талдарын отырғызды.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өз жеміс ағаштарын отырғызу арқылы қоршаған ортаны тазартуға, көгалдандыруға баулу болды. Іс-шара барысында Мектеп Парламентінің экологиялық фракциясының министры София және мектеп оқушылары өздері оқитын мектеп ауласына жеміс талдарын отырғызып т.с көктерек, қайың,терек талдарды отырғызды.
Бүгінгі тал отырғызу іс-шараға белсене қатысқан оқушыларымызға, Мектеп Парламентінің экологиялық фракциясына, 10 "А" сынып жетекшісіне Е. В. Полищукке мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз!!!