14
ноябрь
2024
"ЖЕР СІЛКІНІСІ ОРЫН АЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК" ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС "СЕЙСМОЖАТТЫҒУ" ӨТКІЗІЛДІ

№45 мектеп-гимназияда Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокурорының орынбасары К. Валиевтің 31.10.2024жылғы 2-12-24-04850 санды хатында көрсетілген тапсырмасына сәйкес, жоғары сынып оқушыларымен "Жер сілкінісі орын алған жағдайдағы қауіпсіздік" жоспарына сәйкес оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Төтенше жағдайдағы алғашқы әрекеттерді іс-тәжірибе жүзінде ашып-жайып көрсетіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сыныптарда «Жер сілкінісі орын алған жағдайдағы іс-әрекет», «Су тасқыны», «Өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында сейсможаттығу өтті.
АӘТД пәнінің мұғалімі: С. А. Кемелов.
Медбике: А. Е. Каликулова.