"ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ"
«Табиғатты аяла – болашағыңды қорға» деген сөз бекер айтылмаған. Айналамыздағы табиғат – бізге өмір, таза ауа, су, азық беретін асыл қазына. Табиғатты сақтау – тек бүгінгі күннің емес, ертеңгі ұрпақтың амандығы үшін де қажет. Ағашты қорғау – деміңді қорғау, суды сақтау – тіршілікті сақтау. Әр адам табиғатқа жанашырлықпен қараса, болашақ та жарқын болмақ. Сондықтан қоқыс тастамайық, суды ысырап етпейік, ағаш егіп, жан-жануарды аялауға тырысайық! Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны сақтайық! 9" Ә"