«Әжелер мектебі» атты тағылымды іс-шара өтті.
Бүгін мектебімізде ерекше, жүрекке жылылық сыйлаған «Әжелер мектебі» атты тағылымды іс-шара өтті. Бұл мазмұнды жиын — ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, әже тәрбиесінің маңыздылығын дәріптеген рухани кездесуге айналды. Іс-шара барысында оқушылар халқымыздың асыл мұрасы — салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтардың мәнін тереңірек ұғынып, даналық пен мейірімге толы әже тәрбиесінің қадірін сезінді. Кеш «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында ұйымдастырылып, жас ұрпаққа адамгершілік,