РЕСПУБЛИКА КҮНІ және МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНА 35 ЖЫЛ
Бүгін, 22 қазан күні №45 мектеп-гимназиямызда Республика күніне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін оятып, егемен еліміздің тарихы мен құндылықтарына деген құрметті арттыру. Концерт барысында оқушылар патриоттық әндер шырқап, өлеңдер оқып, ұлттық би билеп, Туымыз бен Елтаңбамызға, Тәуелсіздікке арналған көріністер көрсетті. Мерекелік жиын