"ЗАҢ және ТӘРТІП" ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ
Бүгін, 29 қаңтар күні, N45 мектеп-гимназияда ІІ аусым оқушыларымен Шымкент ст. ЖПб патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы полиция майоры Ш. Сыздыкова кездесу өткізді. Балаларға темір жол қауіпті аймақ атты профилактикалық түсіндірме жұмыс өтті. Кездесудің мақсаты: 1.Теміржол –қауіпті аймаққа жататындығы туралы түсінік беру. 2.Жол ережесі,жол белгілері туралы білік-дағдыларын дамыту. 3.Жолда жүру ережесін есте сақтау, жолда жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.