25
февраль
2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ-ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Бүгін, 24 ақпан күні №45 мектеп-гимназиясының ұжымы арнайы қонақтарды қабылдады. Кездесуге Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Бөкейхан Абишев, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы директоры Қайыпов Алмасходжа Серікұлы қатысты.
Қонақтар жаңа Конституциядағы өзгерістер мен оның қоғам үшін маңызы туралы айтып өтті. Кездесу барысында мектеп мұғалімдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу өтті. Әңгіме ашық форматта өтіп, білім беру саласы мен жастардың болашағына қатысты маңызды ойлар ортаға салынды.