26
февраль
2026
⚖️ «МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ» ТЕЛЕМОСТ



Бүгін, 25 ақпан күні, Көрме орталығында Білім басқармасы мен Шымкент қаласының прокуратурасы ұйымдастыруымен "МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ" атты телемост сұрақ-жауап форматында өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, саналы таңдау жасауға бағыт беру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Телемост барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдарының өкілдерінен нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Кездесу ашық диалог алаңында өтіп, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді.
Кездесу барысында:
заң алдындағы жауапкершілік,
интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары,
есірткі қылмысының салдары,
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.
"Менің таңдауым – менің тағдырым" қағидаты аясында әрбір қабылданған шешімнің болашаққа тікелей әсер ететіні ерекше атап өтілді.
Мұндай форматтағы кездесулер жастардың жауапкершілігін арттырып, "Заң және тәртіп" қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Қалалық іс-шараға Мектеп Парламентінің көшбасшылары белсенді қатысты.