28
январь
2026
"БІРТҰТАС ЕЛ-БІРТҰТАС ЖЕР" ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ТОБЫНЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТ ІС-ШАРАСЫ


Білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 2026 жылғы 20 қаңтардағы №1417/68 хаты негізінде, Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында, 28 қаңтар күні Түркістан сарайында "Біртұтас ел – біртұтас жер" атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараға мектепішілік патриоттық бағыттағы "Жас Сарбаз" клубының 10 "Б" сынып оқушылары (ұл балалар) белсенді түрде қатысып, өздерінің патриоттық көзқарастары мен азаматтық белсенділіктерін көрсетті.