25
февраль
2026
ТЕАТР МЕН МЕКТЕП: БОЛАШАҚҚА БІРЛЕСКЕН ҚАДАМ


Бүгін, 24 ақпан күні, N45 мектеп-гимназиясы мен Шымкент Жастар театры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл меморандумның мақсаты – оқушылардың мәдени және шығармашылық дамуына қолдау көрсету, театр өнеріне қызығушылығын арттыру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
Алдағы уақытта мектеп оқушылары театр қойылымдарына қатысып, шығармашылық кездесулерге, шеберлік сабақтарына және мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Осындай серіктестік жас ұрпақтың өнер мен мәдениетке жақын болуына үлкен мүмкіндік береді.