06
февраль
2026
"КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП"

2026 жылдың 5 ақпан күні №2 кітапхана бөлімшесінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай "Әр өлеңі – бір әлем" тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды.
Тағылымды шараға №45 мектеп-гимназиясының 6 "Ә" сынып оқушылары белсенді қатысып, ақын шығармашылығына терең үңілді. Кеш барысында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның өмірі мен әдеби мұрасы туралы ой бөлісті.
Әдеби кездесу жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Іс-шараға белсенді қатысқан оқушылар №2 кітапхана бөлімшесінің әкімшілігі тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды. Жарайсыңдар! Алғыс хаттарың құтты болсын!