Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП" ЖОБАСЫ
23
январь
2026

"КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП" ЖОБАСЫ






КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫ,ПУБЛИЦИСТ БАУБЕК БҰЛҚЫШЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ "ӨМІР ЖЫРЫМЕН ӨРІЛГЕН ТАҒДЫР" ӘДЕБИ КЕШ

⚜️№2 кітапхана бөлімшесі №45 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, көрнекті жазушы, публицист Баубек Бұлқышевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Өмір жырымен өрілген тағдыр» атты әдеби кеш өткізді.
Әдеби кештің басты мақсаты – жас ұрпаққа Баубек Бұлқышевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстырып, оның отансүйгіштік рухқа толы еңбектерін дәріптеу, елжандылық пен ұлттық рухты бойларына сіңіру.
✅Баубек Бұлқышев – қазақ халқының XX ғасырдағы ең жарқын, өршіл рухты өкілдерінің бірі. Қысқа ғана ғұмыр кешсе де, ол артына өшпес рухани мұра қалдырған қаламгер, публицист әрі Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтың рухын көтерген нағыз патриот. Оның шығармалары ерлікке, адамгершілікке, елін сүюге үндейді. Жазушының есімі – батырлықтың, рухани биіктіктің және ұлттық намыстың символы.
Шара барысында оқушылар Баубек ✅Бұлқышевтың өлеңдері мен шығармаларынан үзінділерді нақышына келтіре, мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысушыларға мазмұнды ақпарат берілді.
✅Әдеби кеш жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырған тағылымды шара болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив