Шымкент қаласы
білім басқармасының
"№45 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 56-32-89
Есепші бөлімі:
+7(7252) 56-82-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні!
17
март
2026

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні!













Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №45 мектеп-гимназиясында ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және ұлттық мәдени мұраны кеңінен насихаттау мақсатында мазмұнды әрі тағылымы мол "Даналық мектебі" атты ауқымды іс-шара өткізілді.
 Іс-шараны "Даналық мектебінің" жетекшісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.О. Сапарова ұйымдастырды.
 Мерекелік шараға арнайы қонақ ретінде Атамбекова Ұлбике Әшімқызы мен Атамбекова Роза Әшімқызы апаларымыз шақырылып, қазақ халқының тәрбиелік мәні зор "Тұсау кесу" салт-дәстүрін мектеп оқушыларына көрсетті.
 Бұл тағылымды дәстүр арқылы оқушылар ұлттық құндылықтармен танысып, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлердің маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақты ұлттық мәдениетті құрметтеуге, салт-дәстүрлерімізді сақтауға және оны келешек ұрпаққа жеткізуге баулиды.
 Қонақтарымызға ұлттық дәстүрімізді насихаттауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив