25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Бүгін, 23 қазан күні мектебімізде Республика күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. ✨ Мерекелік іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. 🎶 Концерт барысында оқушыларымыз патриоттық әндер орындап, ұлттық билер билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір өнер көрсетілімінен Отанға деген құрмет, туған елге деген мақтаныш пен жарқын болашаққа деген сенім сезілді. 💙 Қазақстан