25
февраль
2026
STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ


Шымкент қаласының полиция қызметкерлері 8–11 сынып оқушыларымен маңызды кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдерге заң мен тәртіпті сақтау, жеке шекараны құрметтеу және сталкингтің (қудалаудың) алдын алу туралы түсіндіру болды.
Кездесуге арнайы қонақтар қатысты:
– Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел криминалистика бөлімінің аға криминалисі, полиция майоры Жузеев Умбет Азреталиевич
– Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ АСА ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция майоры П.Т. Маймакова
– Аға инспектор, полиция майоры Х. И. Юсупов
Кездесу барысында оқушыларға келесі маңызды тақырыптар түсіндірілді:
* Сталкинг дегеніміз не және оның түрлері
* Жеке шекара және оны құрметтеу мәдениеті
* Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік
* Заң алдындағы жауапкершілік
* Қауіпті жағдайларда қайда және кімге жүгіну керек
Мамандар оқушылармен ашық әңгіме өткізіп, өмірлік мысалдар арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.Осындай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға үлкен үлес қосады.