28
январь
2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында №45 мектеп-гимназиясында қалдықтарды бөлек жинау жүйесі белсенді түрде енгізілуде. Мектеп аумағында қоқысты сұрыптауға арналған арнайы контейнерлер орнатылып, бұл оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауына ықпал етеді.
Мектеп парламентінің белсенділері қалдықтарды бөлек жинау бастамасын қолдап, жеке үлгі көрсету арқылы барша оқушыларды экологиялық нормаларды сақтауға шақыруда.